Қазақстандық әуе компаниялары 2 млн жолаушы тасымалдады

Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері 2 миллионға жуық жолаушы тасымалдады. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 5%-ке өссе,  пандемияға дейінгі кезеңдегіден 17%-ке көп. Бұл туралы еліміздің Индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрілігі хабарлайды. Осылайша, ел ішіндегі әуе көлігі жолаушыларының ағыны 1,5 миллион адамды құраса, халықаралық рейстерді 500 мың адам пайдаланған. Айта кетейік, бүгінгі күні ішкі әуе рейстерін 5 отандық компания 57 бағыт бойынша орындайды. Ал, халықаралық ұшулар 77 бағыт бойынша 24 елге жүзеге асырылады. Бұл - Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы және тағы басқа елдер.

 

Автор: Әсел Күшенғалиева