Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев неге көрінбей кетті?

Бүгінгі бағдарламамызда Назарбаев Университетінің жаңа атлетикалық орталығын көрсетеміз. Бағдарламада алғаш рет ат спорты туралы айтамыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы Иса Ақбербаевпен кездесіп, оның спорттағы өмірі жайында әңгімелесеміз. Боксшының рингке оралуы, Головкин және Абель Санчес жөнінде әңгіме өрбітеміз.

Соңғы жылдары Иса Ақбербаев туралы ақпарат мүлде азайып кетті. Қазір біз Бамблби жаттығатын залда тұрмыз. Бұл – оның кәсіпқой бокстағы лақап аты. Ақбербаев осы уақытқа дейін 21 жекпе-жек өткізіп, ешқайсысында ұтылмаған.  Ал 15 кездесуде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. 

Бүгінде боксшы не істеп жүр? Толығырақ спортшының өзінен алған сұхбаттан біле аласыздар.