Қазақстандық күміс университеттерде 3 мың адам оқып жатыр 

Қазақстанда былтыр іске қосылған «Күміс университет» жобасы биыл да жалғасын тауып келеді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңға жуық адам, дені зейнет жасындағылар бірнеше бағытта білімдерін толықтырып жатыр. Айта кетейік, курстар тегін. Аға буын өкілдерінің оқуға деген құштарлығы мен ынтасын тілшіміз көріп қайтты. 

Бахытжан Молдағайыпов 78 жасында қайта студент атанып отыр. Саналы ғұмырын адам өмірін арашалауға арнаған хирург енді міне қазақ тарихы мен мәдениетін терең тануға бел буған. Қария жас кезінде  орыс тілінде білім алып, өз халқының ьтарихын зерделеуге  мүмкіндік болмағанына қынжылады. Сол олқылықтың орнын толтырып, немерелерінің бойына ұлттық құндылықтарды  сіңіру үшін «Күміс университеттің» арнайы курстарын жазылған.

Бахытжан Молдағайыпов, зейнеткер, күміс университеттің студенті:

- Біз тарих түгіл қазақ әдебиетін оқымаған балалармыз. Ең бірінші қазақ тілімді дамыту, тарихты білу үшін керек. Неге біз орыстардың бәрін білеміз? Біздеде батырлар бар.+10:07:10Мен бұрын мысалы осыларды өзім оқысам академиялық түрде мұғалім, доценттен естіген басқаша деп ойлаймын. Сабақ өте жақсы өтеді. Талқылаймыз бір-бірімізді толықтырамыз, өйткені дерек бізде де бар ғой.

Қария тірі тұрғанда оқуды тоқтатпаймын дейді. Бойда күш-қуат барында өзгеде бірқатар бағыттарды меңгеруге ниетті. Ондай жандарға «Күміс университет» бағдарламасы бойынша талғамға сай таңдау жеткілікті. Тек елорданың өзінде оннан астам оқыту курстары ұйымдастырылған.   

Райхан Баймағамбетова, Л.Н.Гумилев атындаға ЕҰУ күміс университетінің тәлімгері:

- 2022 жылы 300-ге тарта адам оқыды. Оларға 42 оқытушы сабақ берді. Барлығы 15 курс ұйымдастырылды. Үстіміздегі 2023-ші жылы да 15 курс бар. Сұранысқа  орай жаңарып тұрады. 100-ден астам адам білім алуда. Бірте-бірте тапсырыс берген барлық 2 мың адамды толық қамтитын боламыз.

Заман ағымынан қалмау үшін аға буын өкілдеріне цифрлық, қаржылық және құқықтық сауаттылықты ашу, тарих, мәдениет және өнер түрлерін немесе шет тілдерін үйренуге мүмкіндік жасалған.

Бану Нарбекова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы

- Еңбек министрлігінің және Ғылым және білім министрлігі бірлесе отырып осы бір квалификациялар жөніндегі заң қабылдап отыр. Мысалы, осы заңның аясында неформалды не формалды емес осындай айталық сертификаттар алған азаматтардың біліктілігі мен дағдылары расталады. Бұл олардың әрі қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Көбі өзінің мәдени сауаттылығын немесе физикалық сауаттылығын ашуға бір жағынан жартылай жұмыс істеуге бір жағынан рухани дамуына мүмкіндік беретін осындай курстардан өтеді.   

Жалпы, бүгінде еліміздің 72 жоғарғы оқу орнында «Күміс университеттер» құрылған. Оларда барлығы 230-дан астам бағдарлама жүзеге асып жатыр. Дәл қазір 50 жастан асқан 3 мыңға жуық адам тәлім алып жатыр.