Жаңа көлік құрастыру зауыты ашылды

Жаңа көлік құрастыру зауыты ашылды

Енді азаматтар автокөлікті лизингпен де ала алады. Президент таяуда Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалардың бірі – көліктердің халыққа мейлінше қолжетімді болуы. Енді, міне, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қостанайда KIA Qazaqstan автомобиль зауыты ашылды. Компания әлемдік озық талаптарға сай көліктер шығарып, сыртқы нарыққа да экспорттайтын болады. Зауыт жылына 70 мың көлік жинауға қауқарлы. Тартылған инвестиция – 131,5 млрд теңге. Кәсіпорында 1 500 жұмыс орны ашылған. Жалпы, KIA – қазақстандықтар ең көп сатып алатын көлік маркаларының бірі.