Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы орман өрттерін сөндіруге атсалысуда

Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысындағы орман өрттерін сөндіруге атсалысып жатыр. Кәсіби дайындалған экипаж әуе кемесімен 10 сағаттан астам уақыт бойы су шашты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Түркияға арнайы жарақталған екі тікұшақ және 16 құтқарушы жіберілген болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің тобы аймақтағы өрт сөнгенше жұмысын жалғастырады.

Әсет Жылкайдаров, ҚР ТЖМ Авариялық құтқару қызметтердің күштері мен құралдары басқармасының бастығы:

- 12 тамызда ҚР ТЖМ жиынтық құрамымен Түркия елінің Даламан провинциясында өрт сөндіру жұмыстары басталды. «Казавиа» АҚ тікұшақтарымен 45 цикл су шашу басталды. Бұл 180 тонна деген сөз. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.