Қазақстандық шахматшылар кәсіби мерекелерін атап өтті

Әлем елдері халықаралық шахмат күнін атап өтеді. Кәсіби мерекені тойлауды  қазақстандықтар да дәстүрге айналдырған. Біздің елімізде ақыл ой ұшқырлығы сыналатын үстел ойынынын дамытуға айрықша мән беріледі. Жылдың алғашқы 6 айында ғана бірнеше ірі шахмат турнирі онлайн және гибридті форматта ұйымдастырылды.  Бұған қоса мемлекет талантты шахматшыларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Қазір әлемдік аренада танымал Жансая Әбдімәлік, Борис Аврух, Ринат Жұмабаев және басқалар ел мақтанышы.

Айта кетейік, Сочиде өтіп жатқан әлем кубогында Ринат Жұмабаев  АҚШ-тың аты әлемге әйгілі ойыншысы Фабиано Каруананы ойсырата жеңіп, сенсация жасады.  Шахмат күні  1966 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күні шахматшылар жиналып, түрлі мерекелер өткізеді, өзара кім мықтыны анықтайды. Жалпы  шахматты жер шарының 25% тұрғыны ойнайтыны анықталған.