Қазақстандық тауарлардың ЕАЭО елдеріне экспорты 12% өсті

Қазақстандық тауарлардың ЕАЭО елдеріне экспорты 12% өсті

Қазақстандық тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорты өсті. Жыл басынан бері еліміз 8 млрд долларға жуық сомаға өнім жіберді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12% артық. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр. Жалпы, 9 айда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен АҚШ валютасында 20,5 млрдтан астам қаражатқа сауда жасады. Бұл ретте одақ елдеріне жөнелтілген тауарлар арасында көлік құралдары, жабдықтар, химия өнеркәсібі өнімдерінің үлесі басым. Өз кезегінде Қазақстанға май және өсімдік майлары, дайын азық-түлік тауарлары мен металдар импортталған.