Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер жасай алады

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер жасай алады

Қазақстанда баспана, кеңсе сатып алу, сату үшін бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе нотариусқа жүгіну қажет болмайды. Үкіметте бұған мүмкіндік беретін жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер тұғырнамасы таныстырылды. Жаңа жүйеде Blockchain технологиялары және биометриялық сәйкестендіру қолданылады. Әр нысан бойынша келісім мен  бейнематериал «электрондық үкіметте» сақталады. Осылайша бірнеше күнге созылатын үрдіс 1 сағатқа дейін қысқармақ. Жалпы қазір елдегі мемлекеттік қызметтердің 93% электронды түрде көрсетіледі. Бұл ретте Қазақстан қазір қағазбастылықтан арылтатын онлайн қызметтер бойынша БҰҰ рейтингінде 8- орынға жайғасқанын айта кеткен жөн.