Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 2025 жылда ЖІӨ 1% құрайды

Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 2025 жылда ЖІӨ 1% құрайды

Алдағы екі жылда ғылымды дамыту мақсатында 640 млрд теңге бөлінеді. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмет-Закидың айтуынша, бұл саланы қаржыландыру сатылай жүргізіледі. Оның ішінде, өте маңызды зерттеулер мен тәжірибелер жүргізетін ғылыми институттарға басымдық беріледі.  Қазір, елімізде тікелей қаржыландыру бойынша 13 институт жұмыс істейді. Келесі жылы олардың қатарына тағы 28 мекеме қосылады. Жалпы, Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі жапы ішкі өнімнің 1% құрайтын болады.

Дархан Ахмет-Заки, Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

– Ағымдағы жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасындағы Білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Біз бұл құжаттарда білім сапасы бойынша негізгі міндеттерді айқындадық. Олар: ғалымдар санын көбейту, ғылыми экожүйені нығайту. Ғылымның экономикадағы үлесін арттыру, университеттік ғылымды дамыту және ғылымды басқаруды жетілдіру және тағы басқалар.

Тағы бір ерекше жайт, ғылымды қолдау әрі жастарды тарту мақсатында Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы да іске қосылды. Жоба 5 жылға жоспарланды. Оған 40 жасқа дейінгі отандық ғалымдар қатыса алады. Оларға тиімді ипотекалық несие алуға мүмкіндік пайда болды. Алғашқы жарна 10%, ал жылдық мөлшерлеме 5% болмақ.