Оқулықтардың 93% цифрлық форматқа көшірілді

Оқулықтардың 93% цифрлық форматқа көшірілді

Қазақстанда білім беру саласын цифрландыру үрдісі қарқын алды. Еліміздегі  мектеп оқулықтарының 93% сандық үлгіге көшірілді. Оқу-ағарту министрілігі қазір олар толықтай мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік құралдар кешеніне енгізілгенін айтады. Электрондық оқулықтар әзірлеуге 13  отандық баспахана тартылған.  Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді ендіру мақсатында педагогтар үшін әдістемелік ұсыныстар жасалған. Мұғалімдер  цифрлық технологиялар мен заманауи тұғырнамалар арқылы сабақтар өткізіп, онлайн-ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіріп жатыр. Бұдан басқа, білім ошақтарында робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша заманауи кабинеттер ашу ісі қолға алынған. Бүгінде мыңға тарта мектеп озық оқу-құралдарымен жабдықталды. Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер оқушылардың игілігіне берілген.