Қазақстанға Түркиядан байқаушылар келеді

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая бастаған бір топ делегация Қазақстанда 5 маусымда өтетін дауыс беру барысын бақылайды. Мухаррем Аккаяның сөзінше, референдум – өте маңызды саяси науқандардың бірі. Бұл – халық өз таңдауын жасайтын үлкен мүмкіндік.

Мухаррем Аккая, Түркия жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы:

– 5 маусым күні Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін референдумға байқаушы ретінде қатысамыз.  Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Түркістан қаласында боламыз. Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Референдум - өте маңызды саяси науқан. Халықтың таңдауын білдіретін демократия құралы.