Қазақстанға Жапонияның Сыртқы істер министрі келді
Бүгін Мемлекет басшысы сырттан келген меймандарды да
қабылдады. Солардың бірі - Жапонияның Сыртқы істер министрі. Президент пен
Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және
мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық
серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Халықаралық
құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, оның Астанаға
сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін айтты.
Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын
білдірді.

