Қазақстанның сыртқы сауда үлесі 60% жетті

Қазақстанның сыртқы сауда үлесі 60% жетті

Қазақстан тауар экспортының көлемін пандемияға дейінгі көрсеткішке жеткізді. Жыл басынан бері 37,4 млрд доллардың өнімі шекара асқан. Осылайша еліміздің сыртқы сауда үлесі 60% жетті. Сауда саясатын дамыту орталығының хабарлауынша, экспортталған тауардың 68% шикізат болса, 32% – өңделген өнім. Жоғарғы көрсеткішке мұнай тасымалының ұлғаюы әсер еткен. Тамыз айына дейін еліміз 19 млрд долларға тең қара алтын экспорттаған. Қазақстандық тауарды тұтынатын ірі мемлекеттер қатарында Еуропа, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақ елдері бар. Атап айтсақ, Еуропалық одаққа 8 айда 15 млрд доллардың отандық тауарлары жеткізілген. Ал ҚХР-ға 6,5 млрд доллардың өнімі сатылған.