Кен орнында клеттік оқпан іске қосылады

Кен орнында клеттік оқпан іске қосылады

«Тентектің» екінші тынысы ашылды. «Qarmet-ке» қарасты шахтада Клеттік ауа беретін заманауи оқпан құрылысы аяқталып қалды. Ірі жоба көмір нысандарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Тың бастама жайында Жанбота Рахметуллаұлы айтып берсін.


«Тентек» шахтасындағы клеттік ауа беретін оқпан құрылысы жаңа кезеңіне жетті. Қазір мамандар стратегиялық нысанда  шетелдік өндірістегі көтергіш машинаны монтаждап жатыр. Кәсіпорынға неміс технологиялары енгізіліп жатыр.


Дмитрий Анисимов, «Qarmet» АҚ «Тентек» шахтасы бас инженерінің орынбасары:


- Мұнда 830 метр тереңдікте ствол салынуда. Бірқатар ғимараттар мен құрылыс нысандары қолданысқа берілді. Бұл шахтаның төменгі горизонтына ауаға жіберуге мүмкіндік беретін калориферлік ғимарат. Сондай -ақ, жер асты және жер үстіндегі нысандарды электр қуатымен қамтамасыз ететін подстанция салынды.


Жаңа нысан қосымша кокс көмірі қабаттарын игеруге жол ашады. Шахтадағы 37 миллион тонна көмір қоры анықталған . Ал көтергіш машинаны монтаждау үшін шетелден білікті инженер арнайы шақыртылған.


Михаель Веннер, Olko Maschinentechnik GMBH компаниясының шефмонтаж инженері:


- Көтергіш машина 300 тонна көтереді. Оның жылдамдығы 12 метр секунд. Үш деңгейлі қауіпсіздік жүйесі бар. Компьютер арқылы жұмыс параметрлері орнатылады. Отыз жыл бойы сенімді жұмыс істейді.


Статегиялық нысанға су және  жылумен жабдықтау жүйелері тартылады. Арнайы жолдар салынады. Сондықтан да қажетті инфрақұрылым шахтаның келешегі үшін аса маңызды.


Дмитрий Анисимов, «Qarmet» АҚ «Тентек» шахтасы бас инженерінің орынбасары:


- Бұл алаң шахтаның тиімді жұмыс істеуі үшін аса қажет. Шахта ұзақ уақыт кокс көмірін өндіре алады. Бұл болат өндірісі үшін қажет.

Клеттік оқпан келер жылы іске қосылады. Жаңа алаң болат балқыту үшін «Qarmet» компаниясына қажет сапалы кокстелетін көмір өндіруге мүмкіндік береді.Осылайша жаңғыртылған «Тентек» шахтасы тағыда құлашын кеңге сермейді.