Халықаралық бағдарламалар: қазақстандық студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады
Ірі ғылыми жобалар мен тың технологиялық өнертабыс иелері. Қазақстанның ғылымы мен білімі – ұлттық мәдениет пен өнерінің, экономиканың қозғаушы күштері. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы іске қосылған 27 жылдың ішінде 11 мыңнан астам қазақстандық түрлі мамандық бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда түлектердің дені өз білімдерін жырақта түгестеп, отандық медицин, IT, білім және инженерия сынды сұранысқа ие салаларда табысты еңбек етіп жүр.
Айнұр Қарбозова, «Халықаралық бағдарламалар» АҚ президенті:
- Шетелде оқу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа білім мен қажетті тәжірибе жинақтап қайтуға болады. Магистр әлде докторант боласың ба, өз еркің. Қалауынша әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарында тәжірибе жасап, кәсіби байланыстар орнатудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының аясында кез келген ұйым қажеттілігі бойынша өздерінің қызметкерлерін біліктілігін арттыруға немесе қайта оқытуға, кәсіби, ғылыми тәжірибеден өтуге жібере алады.
Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы аясында 500-ден астам қазақстандық шетелдік университеттерде оқиды. Жетекші ғылыми орталықтарда да сонша отандық ғалым тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов