Киік еті сатылымға шығады

Киік еті сатылымға шығады

Жақында киік еті сатылымға шығады. Қазір оны өндіруге 18 комбинат рұқсат алған. Бірақ, еттің бағасы қаншадан болатыны әзірге белгісіз. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бойынша алдағы он күн ішінде жауап береміз деп отыр. Өйткені, логистика, өндіріс ісіне кететін шығын әлі де есептелуде. Айта кетейік, бұған дейін батысқазақстандық ғалымдар киік етінен шұжық жасаудың әдісін ойлап тауып, ұсынған.