КҚК мұнай айдау көлемін айтарлықтай төмендетті

Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемін айтарлықтай азайтты. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады. Хабарлауынша, бұл Теңіз кен орнындағы жөндеу және Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатумен байланысты. Нәтижесінде «Теңіз – Новороссийск» құбыры арқылы «қара алтынды» жіберу көлемі қысқартылды. Жалпы тамыз айының басынан бастап Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 13-15 мың тоннаға төмендеді деп хабарлады Энержи монитор.

Ал ОПЕК + елдері қыркүйек айында мұнай өндіруді тәулігіне 100 мың баррельге арттыруы мүмкін. Дегенмен, Альянстың жалпы көлемімен салыстырғанда өсім  шамалы. Айта кетейік,  ОПЕК + келісімі аясындағы Қазақстанның қыркүйек айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,710 млн. баррельді құрайды.