Қазақстанда 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаваттық қуат көздері іске қосылады

Қазіргі таңда Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 7 жобасы жүзеге асырылуда. Барлығы 2023 жылы қуаттылығы 276 МВт болатын қосымша 15 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде елімізде баламалы энергия көздері бойынша 130 жоба сәтті іске қосылып жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында жел, күн, су және биоэлектр станциялары бар. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баламалы энергетика нысандарында өндірілген электр энергиясының көлемі 3,35 млрд кВт/сағ құрады немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің шамамен 6%-і. Айта кетейік, президент халыққа Жолдауында 2027 жылға қарай Қазақстанда тағы 2027 жылға қарай тағы 1,4 гигаватт қуат енгізілетінін атап өтті. Еліміздің  энергетикалық балансының құрылымы да өзгереді. Сондықтан бүкіл энергетика саласын басқару тәсілдері жетілдірілуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент сутегі өндіруді дамыту қажеттігін атап өтті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  
-Қуат көздерін кеңейту ісі энергетикалық машина жасау саласында технология трансфертін жүзеге асырып, жергілікті өндірісті дамытуға, аккумулятор өнеркәсібін құруға негіз болады. Ең бастысы, елімізде шикізат қоры жеткілікті. Теңгерімді қуат көздерін, энергияны шоғырландыру жүйелерін құру үшін тың шешімдер қабылдау қажет. Көміртегі бейтараптығына көшуді парниктік газ шығарындыларына арналған квотаны саудалау арқылы тездетуге болады. Үкімет пен бизнес өкілдері осы бағыттағы мүмкіндіктерді пайдалану мәселесімен шұғылдануы керек.