Қосшы қаласында 300-ден астам отбасы баспаналы болмақ
Конституция күні қарсаңында Қосшы қаласында 300-ден астам
отбасыға баспана алу мүмкіндігі берілді. Ақмола облысының әкімдігі тұрғын үйді
құрылыс компанияларынан сатып алып, "Отбасы банкке" тапсырған. Енді
банк пәтер кезегінде тұрған азаматтарға үлестіруі тиіс. Бұл жоба әлеуметтік
бағытта және пилоттық режимде алғаш рет жүргізіліп жатыр.

