Қостанай облысында көне дәстүрге негізделген қымыз өндруде

Көне дәстүрге негізделген қымыз өндірісі Қостанай облысында жолға қойылған. «Емдік қасиеті ерте заманнан белгілі қышқыл сусынға деген сұраныс қазіргі уақытта ерекше жоғары», – дейді мамандар. Құмкешу ауылындағылар күбіде бір тәулік бойы пісілген қымызға қосымша ингредиенттер қосады. Бұл сусынға тұтқырлық пен ерекше хош иіс береді.

Рамазан Рахметов, Құмкешу ауылының тұрғыны:
- Мамыр айының қымызы өте құнды. Мамыр айының қымызы ерекше, орны бөлек.

Қостанай өңірінде ұлттық сусын көп мөлшерде дайындалады. Мысалы, тек бір Амангелді ауданында жеке шаруа қожалықтарынан күніне 1 тоннадан астам өңделген бие сүті сатылады. Тіпті, көрші ауылдардан да өнімді сатып алуға келеді екен.

Роза Князова, Құмкешу ауылының тұрғыны:
- Күнде тапсырыс береді. 50 литр Қытайға жіберіледі.

Айта кету керек, қырық ауруға ем қымыз өндірісінің арқасында өңірде этнотуризм де дамып келеді.