Қостанай облысының шаруалары жеңілдетілген пайызбен несие алды

Қостанай облысының бірқатар ауылдарында ірі инвест-жобалар іске асты. Бұған «Аграрлық несие» корпорациясы қолдау көрсеткен. Мәселен, Перелески ауылында егістікпен айналысатын қожалық биылдан бастап сүтті бағыттағы асыл тұқым мал өсіруде. Сауған сүтін дүкендермен қоса сүт фермаларына да өткізеді.