ҚР ТЖМ: Қостанай облысындағы өрт бақылауда

ҚР ТЖМ: Қостанай облысындағы өрт бақылауда

Қостанай облысындағы өрт ошақтары бақылауға алынды. Бұл туралы ел Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оның айтуынша, қазір Бағаналы және Лесное елді мекендерінің  маңындағы екі ошағында жалынмен күрес жүріп жатыр. 

Талғат Уәли ҚР ТЖМ ресми өкілі:

– Жұмыстарға Төтенше жағдайлар министрлігінің 6 тікұшағы, 4 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан бір мыңға тарта адам және 200 техника тартылған.