ҚТЖ транзиттік жүк айналымының өсімі 40% жуықтады

ҚТЖ транзиттік жүк айналымының өсімі 40% жуықтады

Биыл алғашқы жартыжылдықта қазақстандық темір жол желісінде транзиттік жүк айналымы 40%-ке жуық артты. Оның ішінде контейнерлік тасымалдың үлесі басым. Шойын жолмен жеткізілетін жүк ағыны 26% ұлғайған. Ұлттық теміржол операторының дерегінше, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалының 6 айдадағы өсімі екі есеге жуықтап, бір млн 300 мың тоннаға жетті. Отандық астық экспорты былтырдың қыркүйегінен 2023-ші жылдың маусымы аралығында 8 млн тоннаға, ал ұн өнімдері 2 млн тоннаға көбейген. Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдері отандық өнімнің осы түрлерінің импортын арттырғаны байқалады. ҚТЖ-ның есебіне сәйкес, өткен жылы компанияның экспорттық және транзиттік тасымалы қарқын алып, жүк айналымы 245 млрд тонна-километрден асқан. Көмір, темір, мұнай өнімдері, астық, химиялық заттар мен сода, тыңайтқыштар, түсті және Қара металдар, сондай-ақ тамақ сынды негізгі өнім жеткізілімдерінің әлеуеті кеңейе түскен.