Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы үш айында 37 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылды

Сәйкесінше, отандық автоөндіріс қарқыны арта түсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 19,5 мың жаңа автокөлік шығарылды. Өткен жылдың осы кезеңінде 36,7%-ке азырақ өндірілген. Оның ішінде жеңіл көліктер үлесі басым. Олардың шығарылымы 41%-ке ұлғайып, нарыққа 17 жарым мың темір тұлпар жіберілген.