«Шеврон» компаниясы қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу үлесін арттырады

«Шеврон» компаниясы қазақстандық өндірушілерден тауарларды сатып алу үлесін арттырады

Отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу үлесін арттырып, әріптестік аясын кеңейту қажет. Қазақстан Үкіметінің басшысы «Chevron» компаниясын осыған шақырды. Премьер-Министр Олжас Бектенов аталмыш компанияның Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесуде еліміздің аумағында іске қосылатын жаңа өндіріс ошақтарына қатысты нақты жоспар құру керектігін және бұл жұмысты алдағы 2-3 жылда тындырудың маңыздылығын атап өтті. 

 

Сондай-ақ тараптар мұнай-газ саласы мен мұнай химиясын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қарашығанақ кен орнында қара алтын мен конденсат өндіруді жылына ең кемі 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру негізгі басымдық болып табылады. Теңіз кенішіндегі де жоспарланған жобаларды уақтылы аяқтау қажет. Жалпы Премьер-Министр Үкімет инвесторларға барынша қолайлы жағдайлар жасап, қажетті қолдау көрсететінін жеткізді. Сәйкесінше, серіктестерден үлкен нәтижелер күтетінін айтты. Ол жергілікті әлеуетті барынша пайдалану, технологиялар трансфертін, шикізатты терең өңдеуге қатысты. Өз кезегінде Дерек Магнесс Қазақстанмен барлық мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға әзір екенін растады.