«Курорт-Бурабай» теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

«Курорт-Бурабай» теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді

Көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы ел бойынша 124 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Соның 16-сы Ақмола облысында. Соның бірі - Көкшенің Бурабайына апаратын - «Курорт-Бурабай» вокзалы. Мұнда жаңғырту жұмыстары аяқталып, теміржол бекеті салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Мұндағы теміржол қатынасының тарихы сонау 20-шы жылдардан бастау алады. 1927 жылы теміржол желісі «Бурабай курорты» станциясына дейін жетіп, өңірдегі туризм мен экономиканың дамуына тың серпін берген. Кейін бұл станция Солтүстік Қазақстандағы ірі теміржол тораптарының біріне айналды. Ал 1988 жылы салынған вокзалға соңғы күрделі жөндеу осыдан 15 жыл бұрын жүргізілген. Жаңғырту аясында ғимарат кеңейтіліп, инженерлік жүйелер толық ауыстырылды. Перрон жөнделіп, аумақ абаттандырылды.