Қызметкерлері вакцина алған ШОБ нысандарына кеңшілік жасалуы мүмкін

Қызметкерлері  80-100%  дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған жеке кәсіпкерлік нысандарының жұмыс кестесін ұзарту керек. Мұндай ұсынысты    бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов жасады.

Оның ойынша бұл шара жұмыс берушілерді ынталандырып,  қызмет көрсету саласындағы екпе кампаниясына қатысты шешімдердің тез әрі оң қабылдануына ықпал етер еді. Бизнес-омбудсмен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына хат жолдап,  қалыптасқан мәселені шешудің қарапайым жолдарын ұсынды.  Оның арасында вакцинация мерзімін ұзарту туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ  Рустам Жүрсінов мониторинг топтары ережеде бекітілген талаптар орындалмаған жағдайда ғана жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты.