Қызылордада «Келешек мектебі» ашылды
Қызылордада жаңа оқу жылы қарсаңында екі білім ошағы
ашылып, халықтың пайдалануына берілді. Оның бірі - Арал ауданына қарасты
Сексеуіл кентінде болса, екіншісі Тоқабай елді мекенінде тұрғызылған мектеп.
Соңғы үлгідегі оқу құралдарымен жабдықталған білім беру ұйымдарының ашылуына
Қызылорда облысының әкімі мен Парламент депутаттары қатысып, тұрғындардың
қуанышына ортақтасты.

