Лондон биржасында мұнай бағасы 20%-ға арзандады

Лондон биржасында мұнай бағасы 20%-ға арзандады

АҚШ пен Иранның уақытша екі аптаға қақтығысты тоқтатуға келісімге келуі мұнай нарығына әсер етіп жатыр. Бүгін ICE биржасында қара алтын бағасы бірден 20 пайызға төмендеп, Brent барреліне 95 долларға сатылған. Әйтпегенде, 7 сәуірге ғана Лондон биржасындағы шілде фючерсінде Brent 0,87 пайызға өсіп, 110,73 доллармен тұрған еді. Ал америкалық биржада аса өзгеріс байқалған жоқ. West Texas Intermediate алаңында мұнай шамамен 103 долларға сатылды. Ал әлемдік мұнай саудасының 20 пайызы өтетін Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы әзірге толық ашылмады – 95 пайызға жабық тұр. Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі парақшасында: «АҚШ-пен бекітілетін келісім нақты күшіне жетсе, бұғаздың жұмыс режимі соның нәтижесіне қарай қалыптасады» деп мәлімдеді.