«Маска» шоуының қазақстандық нұсқасының эксклюзивті таныстырылымы өтеді
18 наурыз күні 16:00-де «Атакент» көрме орталығында (Алматы қ, Тимирязев көшесі 42,10 павильон) «Маска» музыкалық шоуының қазақстандық нұсқасының тұсаукесері өтеді. Шара аясында «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина және вокалдық байқаудың қазылар алқасының мүшелері – Ерке Есмахан, Мейіржан Төребаев, Жанар Айжанова және Марат Оралғазинмен баспасөз отырысы ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 наурыз күні сағат 19:15-те «Хабар» телеарнасында әлемнің 50-ден астам елінде танымал болған «Маска» музыкалық шоуының тұсаукесері өтеді.
Жоба продюсері – Гүлнұр Мамасарипова.
Бағдарламаның басты идеясы – масканың астында кімнің жасырынып тұрғанын табу керек. Қатысушылар арасында музыканттар, актерлер, тележүргізушілер, вайнерлер, әзілқойлар мен спортшылар бар. Бірақ оларды тану қиын, өйткені қатысушылардың жүздері эксклюзивті маскалармен жасырылған.
Конкурс қатысушыларының шын есімдері сайыстан шығып қалып отырған кездерінде ғана белгілі болады. Әр шығарылымда қазылар алқасының мүшелері жобадан шығатын қатысушыны таңдап алуы керек. Жобадан кетер кезде олар маскаларын шешіп, өздерінің кім екенін көрсетеді. Қазылар алқасы мен көрермендердің болжамдары түбінде дұрыс болмауы мүмкін. Қызыққа толы интрига финалда үш қатысушы қалғанша, үщ ай бойы жалғасады. Тек бір ғана қатысушы жеңімпаз атанады.
Жобаның сілтемелері:
https://www.youtube.com/playlist?list=PLBf-Ed1zJ704l512Gppjhr8sOH2ebdhCE