Мәжіліс электр самокаттардың жолда жүру тәртібін реттейтін заңды қабылдады

Алайда ол үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ оның үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Мәжіліс депутаттары  электр самокаттармен жолда жүру тәртібін реттейтін заңды қабылдады. Бұған қоса авто жолдардың жиегімен қатар, велосипед жолағы және тротуарларда қатынауға рұқсат етіледі. Тек қауіпсіздік шаралары мен жылдамдық шектеуі ескерілсе болғаны. Бұдан былай заң аясында электр самокаттар қөлік құралы санатына енгізіледі. Жоба депутаттардың ұсынысы бойынша әзірленгенін айта кеткен жөн.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Бұл тәсіл ең қолайлы болып табылады. Тротуардағы жылдамдықты шектеу – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді басқару қиын. Бірақ мұндай жылдамдық шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең. Бұл жылдамдық сырттай көзбен шолып анықталады.