Жарты жылда 6,4 тонна есірткі тәркіленді

Жарты жылда 6,4 тонна есірткі тәркіленді

Жыл басынан бері елде 6 жарым тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы 6 айда 17 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталып, Telegram арқылы таратқан 28 адам ұсталған. Жалпы, 474 есірткі қылмыскері жауапқа тартылып, 21 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген. Оның үшеуі халықаралық деңгейде әрекет еткен. Ал, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қатысты 107 мың дерек тіркелген. 11 мың адамға спирттік ішімдік ішуге заң жүзінде тыйым салынды.