Мемлекет басшысы көрнекті ғалым Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының
докторы Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен
жақындарына көңіл айтты. Президент тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін
терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға екенін атап өтті.
Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын
бейнесі ұмытылмайды деп жазылған жеделхатта.

