Мемлекет басшысы Шахтер ауылының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Шахтер ауылының тұрғындарымен кездесті

Президент Нұра ауданындағы Шахтер ауылына да барды. Бұл аймақтағы үлгілі елді мекеннің бірі. Мұндағы әлеуметтік нысандар қаладан кем емес. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, қазақ күресі секциялары және жаттығу залы өте көп. Спорттық нысандарда көрші ауылдардың балалары да шұғылданады. Мемлекет басшысы бассейн және жақында жөндеуден өткен жергілікті Мәдениет үйіне де барды. Ауылдағы Үрмелі аспаптар халық оркестрінің ұжымымен әңгімелесті. Оларға шығармашылық табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев «Шахтерское» компаниясының директоры Георгий Прокоптың еңбегін ерекше атап көрсетті. Жергілікті кәсіпкер бизнестің жауапкершілі аясында жыл сайын ауылын көркейтуге кемінде екі жүз миилион теңге бөледі екен.