Президенттен марапат алған түркістандық ұстаз көзіне жас алды
Көрген қиыншылықтың бәрі сыртқа көзжасымен шықты.
Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын
алған түркістандық ұстаз өз әсерімен осылай бөлісті. Әбибулла Мыңасарұлы
Темірлан ауылындағы мектепте 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
Әлеуметтік
желіде Президент қолынан марапат алған ұстаздың көз жасына ерік берген видеосы
тарап, көпшіліктің ықыласына бөленген. Әбибулла Жақұдаев әуежайдан әріптестерім
күтіп алып, құттықтаған сәтте көңілі босап кеткенін айтады.