Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Қазақстан SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға дайын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшысымен кездесуінде мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді. Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективалы бағыттары да қаралды. Атап айтқанда бұл – көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері.