Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты Президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын», деген Президент жарақт алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.