Мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі
Мобильді
аударымдарға қатысты өзгерістер көпшілік арасында әлі де түсінбеушілік тудырып
жатыр. Енді аударымдардың саны ғана емес, жалпы көлемі де есепке алынуы мүмкін.
Сонымен, салық органдарының бақылауына кімдер ілінеді? Аударымның шекті көлемі
қанша? Мемлекеттік кірістер агенттігі жаңа ережелерді түсіндіріп берді.
Енді
жеке шотыңызға 100 немесе одан көп адамнан ақша түссе, банктер бұл туралы
бірден Кірістер комитетіне хабарлайды. Бұл салықтан жалтарып жүргендерді
анықтау үшін жасалып отыр. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмегендер 59 мың теңге
«айып» төлейді. Бір жылда қайталанса, айыппұлы
екі еселенеді.

