Молдова-Қазақстан: қос елді не жақындастырады?
Молдова бәліші, гагауз каурмасы, Алтын орданың батыс астанасы, христиан дінін қабылдаған түркілер. Жерасты қаласы және Кабернэ көшесі қайда орналасқан?
Молдова Республикасы – Оңтүстік Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Теңізіне шығатын жолы жоқ. Шегарасы Украина және Румыниямен шектеседі. Аумағы – 33 846 км². Әлем бойынша 135-ші орында. Халық саны 2020 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша шамамен 2 млн 600 мыңнан астам адам. Астанасы – Кишинёв. Дипломатиялық байланыс Молдова Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында 1992 жылы 16 қыркүйекте орнаған.