Мұнай 3 жыл бұрынғы құнына жетті

Мұнай 3 жыл бұрынғы құнына жетті

Мұнай бағасы рекордтық деңгейге көтерілді. Лондондағы қор биржасында желтоқсан айында жеткізілетін «Brent» маркалы мұнайдың бағасы соңғы 3 жылда алғаш рет барреліне 84 доллардан асты. Өсім 2,5 долларды құрады. Ал қараша айында жеткізілетін «WTI» маркасы 81 доллардан саудаланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл динамика қарашада мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту жоспарын сақтау туралы ОПЕК+ шешімінің аясында сақталуда. Сонымен қатар мұнай бағасы алдағы уақытта барреліне 86 долларға дейін өсі мүмкін деп болжанып отыр.