Мұнай бағасы арзандады
Әлем биржаларында мұнай бағасы тағы да арзандады. «Бұған бірнеше жағдай себеп», – дейді сарапшылар. Біріншіден, АҚШ-тағы мұнай қорының мол болуы өз әсерін тигізді.
Америкалық Энергетикалық ақпаратты басқару агенттігінің хабарлауынша, штаттардағы «қара алтынның» қоры бір апта ішінде шамамен 3 миллион баррельге өскен.
Сондай-ақ инвесторлар Еуропада карантиндік шаралардың күшейтілуінен қауіптенеді. Вакцина жеткізілімдерінің кешігуі де мұнайға деген сұранысқа теріс әсер етуі мүмкін. Нарықтағы ахуалға Суэц каналында қайраңда тұрып қалған жүк кемесін алып шығу операциясына байланысты өткелдің уақытша жабылуы да ықпал етті. «Алайда жыл басынан бері «қара алтын» құны 20% өскенін ескеру қажет», – дейді сарапшылар.
Авторы: Әсел Күшенғалиева