Мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу құрылымы өзгертіледі

Мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізу құрылымы өзгертіледі

Мұнай өнімдері нарығын демонополизациялау мақсатында Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізудің қолданыстағы құрылымын өзгертуді, сондай-ақ одан өнімсіз делдалдарды алып тастауды ұсынады. Сала басшысы Болат Ақшолақовтың айтуынша, Атырау және Павлодар зауыттарында сұйытылған мұнай газын сақтау парктері мен құю эстакадалары жеке ұйымдарға тиесілі.

Тұтынушыларға сақтау және құю қызметтері қосымша ақыға көрсетіледі, бұл газдың түпкілікті құнын арттырады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және сақтау бойынша қызмет көрсететін нысандарды мұнай өңдеу зауыттарының балансына қайтару мәселесін пысықтауды ұсынады.

 

Автор: Данагүл Біләлова