Мұз жару жұмыстары басталды

Мұз жару жұмыстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары басталды. Биыл төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұл іске жылдағыдан ерте қамданған. Себебі синоптиктердің болжамы бойынша аймақта көктем жауын-шашынды болады. Яғни, күн жылығанша барлық шаруа аяқталуы тиіс. Биыл өңірде мұз жару үшін 49 учаске белгіленді.