6 өңірде дәрі-дәрмек қоймасы салынады

6 өңірде дәрі-дәрмек қоймасы салынады

Халыққа тегін берілуі тиіс амбулаториялық препараттар кейбір дәріханаларда сатылып келген. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында осылай деп, саладағы біраз былықты айтты. Енді мұндай қадамға барғандар қатаң жазаланбақ. Премьер-министр де  мұны құптады. Сондай-ақ, қауіпсіздік стандардтарына сәйкес келмейтін дәрілер ел аумағында тіркеуден өтпейтін болады.