National Geographic фотографы ақбөкендерді түсіру үшін Қазақстанға арнайы келді

Қазақстандағы Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енген ақбөкендер мен ұларларды Алматыға арнайы келген National Geographic журналының әлемге әйгілі фотограф-натуралисті Джоэл Сарторе суретке түсірді. Ол осы жануарлар ұсталатын жергілікті хайуанттар бағын аралады. Джоэль Сарторе жобасының ерекшелігі ол өз суреттерін ақ-қара фонда түсіреді. Бұл жануарлар назарын басқа жаққа бұрмауға мүмкіндік береді,- дейді фотограф. Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағы – әлемде ақбөкендер ұстайтын санаулы зообақтардың бірі. Фотограф өз жұмыстары арқылы адамдарды жануарлардың мәселесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Фотограф 20 жылда 20 000 жануарды суретке түсіруді жоспарлап отыр.

Джоэл Сарторе, National Geographic журналының фотограф-натуралисі:

- Мұнда, хайуанаттар бағында Қазақстанда мекендейтін жануарлардың алуан түрі бар. Мен сіздің елде ешқашан болған емеспін және менің ойымша, жоғалып кетуі ықтимал Қызыл кітап енгізілген жануарларды бір альбомға жинауға үлкен мүмкіндік. Жоба аясында мен бүкіл әлем бойынша бақылауға алынған жануарлардың барлық түрін фотоға түсіріп алуға тырысамын. Бұл жұртшылықты табиғатты құрметтеуге баулу мақсатында жасалып отыр.

Айта кету керек, жоба қолға алынған 25 жыл ішінде National Geographic фотографтары жануарлардың 12 мыңға жуық түрін түсіріп үлгерген.