Президент реформалары жайлы жаңа жинақ жарық көрді

Президент реформалары жайлы жаңа жинақ жарық көрді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы екі жылда жүзеге асырған саяси реформалар жайлы толық ақпаратты енді жаңа жинақтан табуға болады. Тұсаукесері Нұр-Сұлтанда өткен жинаққа елімізде орын алған көптеген әлеуметтік-экономикалық процеске берілген аналитикалық тұжырымдама да кірген. Ал кітаптың жауапты редакторы Қазақ-неміс университетінің қолдауымен тарих ғылымдарының докторы Болат Сұлтанов болды.

Таңдамалы еңбектер жинағы Конституция күні қарсаңында жарық көрді. Авторлардың айтуынша, басылымда жинақталған мақалалар, сұхбаттар мен жолдаулар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар саясатының мәнін аудиторияға жеткізуге үлкен сеп болмақ. Ал жинақтың ауқымды бөлімі халық үніне құлақ асатын мемлекет, «тыңдаушы үкімет» қағидаттарына арналған.

Марат Башимов, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Жылдар бойы Президент халықаралық салада, БҰҰ жүйесінде жұмыс істеді. Ол осынау халықаралық беделді ұйымның барлық индикаторын жақсы біледі. Адам құқықтары жөніндегі индикаторлар, адами капиталды дамыту, азаматтық қоғамды дамыту индикаторлары және тағы басқа. Мұның бәрі кітапта көрініс тапқан.