Несие алу тәртібі өзгереді

Несие алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда халықтың шамадан тыс несие алуын азайту және қаржы жүйесін нығайту мақсатында несие беру тәртібі айтарлықтай қатаңдатылмақ. Яғни, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың жалпы берешегіне қатысты жаңа шекті деңгей енгізу жоспарлануда. Ұлттық банктің түсіндірмесіне қарағанда, бұл азаматтардың кірісі мен шығысы коэффициентін реттеу үшін қолға алынып отырған шара. Бүгінде 10,5 млн азаматтың банк алдында берешегі бар.