Ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі бір жылда 3 есеге өсті

Ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі бір жылда 3 есеге өсті

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенге басымдық берілуде. Өткен жылдың өзінде ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бірден 3 есеге өсіп, 773 млрд теңгеден асып жығылды. Мұндай мәліметтерді Finprom.kz ұсынып отыр. Салаға құйылған инвестицияның жартысына жуығы, яғни 161 млрд теңгеден астамы Солтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі. Одан кейін Павлодар өңірі тұр. Аймақтағы агроөнеркәсіптік кешен саласына 104 млрд теңге қаржы тартылған. Инвесторлар ауыл шаруашылығын дамытуға 102 млрд-қа жуық инвестиция құйған Ақмола облысы алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешен негізінен кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бұл сегменттегі капитал көлемі 543 млрд теңгеге жетті. Одан кейін банктік емес несиелер, несиелер және жергілікті бюджеттердің қаражаттары келеді. Атап айтқанда, соңғы бес жылда шаруаларды қолдауға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Авторы: Әсел Күшенғалиева