«Хабар» Агенттігі жаңа экожобаны қолға алды

«Хабар» Агенттігі жаңа экожобаны қолға алды

«Хабар» Агенттігі экологиялық мәселелерге арналған тақырыптық күнтізбе шығарды. Мақсат – табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы түрлі бастаманы кеңінен насихаттау. Сондықтан күнтізбенің әр айы белгілі бір экологиялық проблеманы қамтиды. Тағы бір ерекшелігі – арнайы QR-кодтың болуы. Ол арқылы экология тақырыбы бойынша «Хабар» Агенттігінің барлық жобасымен таныса аласыз. Алайда бұл әлі бастамасы ғана. Агенттік алдағы уақытта қоршаған ортаны сақтауға қатысты тың жобалар дайындауда.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл – жалғыз бізді емес, бүкіл әлемді мазалайтын маңызды проблема. Өз жобаларымыз арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып, қазақстандықтардың осы бағыттағы сауаттылығын арттыруға тырысамыз. Экология мәселесі әрбірімізді толғандыруы қажет.

Майя Бекбаева, «Qazaq TV» арнасының директоры:

- Күнделікті өміріміздегі көз тартар көп нәрсе, соның ішінде сәнді киімдер жануарларды өлтіру арқылы жасалатынын ұмытпаған жөн.  Мәселен, опа-далаптар жануарларға сыналады, ал тондар мен былғары сырт киімдер туралы айтудың да қажеті жоқ. Табиғатты, жануарларды аялай білу керек.