Еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде өзінің позициясын сақтап қалды

Еліміз жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде өзінің позициясын сақтап қалды

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде өзінің позициясын сақтап қалды. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, еліміз осы әлемдік бағалау тұрғысында 55-ші орында тұр. Сонымен қатар кейбір көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. «Нарықтағы үстемдік дәрежесі» индикаторы бойынша 14 сатыға жоғарылап, 70-ші орынға тұрақтады. «Қызмет көрсету саласындағы бәсекелестік» тармағы бөлігінде еліміз 81-ден 80-ші орынға көтерілді. Қазақстанның осы тұрғыда біршама жақсаруы тауар нарығында адал бәсекелестікті қорғау бағытында жүріп жатқан жұмыстар және бірқатар әкімшілік кедергілердің жойылуымен байланысты.